Әрекет етуші тұлғалар

Істің негізгі қатысушыларына шолу.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы 19 миллионға жуық тұрғыны бар, Орталық Азияда орналасқан егемен мемлекет болып табылады. 1991 жылы Тәуелсіздгі жарияланғанға дейін Қазақстан Кеңес Одағының құрамында болды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Республика Үкіметі Қазақстанның экономикалық өсуіне қол жеткізуге, халықаралық бизнес орталығы мәртебесін алуға, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тартуға, атап айтқанда экономиканың тау-кен өндіру және мұнай-газ секторларына тартуға мақсаттар қойды. Үкімет бизнес саласында бірқатар реформаларды жүргізуге кірісті, олар елді инвестициялар үшін тартымды етті, кіру кедергілерін жеңілдетті, іскерлік ахуалды жақсартты және заңның үстемдігін нығайтты. Аталған реформаларды жүргізу Қазақстанның Дүниежүзілік банк "Бизнесті жүргізу" индексінде (World Bank’s “Doing Business” index) 25-ші орынға ие болуына ықпал етті, бұл өз кезегінде елдің “бизнесті ашу”, “миноритарлық инвесторларды қорғау” және “келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету” іспетті салалардағы жетістіктерін көрсетеді.

Стати

Анатолий Стати және оның ұлы Габриэль Стати – молдавандық олигархтар, 1999 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде елде мұнай мен газды барлауға және өндіруге лицензиялары бар қазақстандық "Казполмунай" ЖШС (КПМ) және «Толкыннефтегаз» ЖШС (ТНГ) компанияларын сатып алған. Олардың бақылауындағы компаниялар арасында жоғары бағамен жалған мәмілелер жасау арқылы Стати, КПМ және ТНГ активтерін сыртқа шығарып және облигацияларды ұстаушылардан, оның ішінде Argentem Creek Holdings LLC компаниясынан да алынған ақша қаражатын жымқырды деп болжанады. Көрсетілген алаяқтық схемасын жүзеге асыруға Стати компанияларының аудиторы KПМГ жаңылыстыру да ықпал етті, ол өз кезегінде берілген аудиторлық қорытындыларға сүйенуге болмайтындығы туралы 2019 жылы айрықша шешім қабылдады.

Аском (Ascom)

"Аском Груп" (Ascom Group SA) - акцияларының 100%-ы Анатолий Статиге тиесілі акционерлік қоғам. Компания Молдова Республикасында тіркелген және орналасқан. Аском КПМ-дегі акциялардың 100%-ын иеленді және Tractebel Gas Engineering компаниясымен шарт жасасқан тарап болып табылады.

Тристан (Tristan Oil Ltd.)

"Тристан" – акцияларының 100%-ы Анатолий Статиге тиесілі, Британдық Виргин аралдары заңнамасына сәйкес тіркелген компния. Тристан "Тристан облигацияларын" (Tristan Notes) шығару арқылы Стати қызметін Қазақстанда қаржыландыру мақсатында құрылды.

Тристан облигациялары

"Тристан" облигацияларына "Тристан" компаниясы арқылы Стати шығарған тиісінше 300 млн АҚШ доллары және 120 млн АҚШ доллары сомасындағы облигациялардың екі траншы кіреді. Аталған облигациялар инвесторларға 2006 жылғы 20 желтоқсанда және 2007 жылғы 7 маусымда сатылды.

KПM

"Казполмунай" ЖШС (КПМ) - 1999 жылғы 30 наурызда "Боранколь" кен орнын игеруге келісімшарт жасасқан қазақстандық компания.

TНГ

«Толкыннефтегаз» ЖШС (ТНГ) - 1998 жылдың 31 шілдесінде "Табыл" блогын әзірлеуге келісімшарт, ал 1998 жылдың 12 тамызында "Толкын" кен орнын игеруге келісімшарт жасасқан қазақстандық компания. ТНГ сұйытылған газ зауытының 100% акциясына ие. Компания "Perkwood" компаниясымен жасалған келісімнің тарабы болып табылады.

ҚMГ

"ҚазМұнайГаз" барлау және өндіру" - қазақстандық мемлекеттік мұнай-газ компаниясы және 2008 жылғы "Зенит жобасы" аясындағы КПМ және ТНГ компанияларын сатып алу бойынша сауда жасаудағы тараптардың бірі.

"Азалия" ЖШҚ (Azalia Ltd.)

"Азалия" ЖШҚ Статидің компаниясы болды және Tractebel Gas Engineering компаниясымен келісімшарт жасасқан тараптардың бірі.

General Affinity Ltd

General Affinity Ltd Статидің компаниясы болды және шикі мұнай мен газ конденсатын сату кезінде делдал болды.

Hayden Intervest Ltd.

Hayden Intervest Ltd - Анатолий Статиге тиесілі, Британдық Виргин аралдары заңнамасына сәйкес тіркелген компания. Perkwood компаниясы және "Азалия" ЖШҚ арқылы Қазақстаннан сыртқа шығарылған ақшаны алушылардың бірі болып табылады.

Perkwood (Perkwood Investment Ltd.)

Perkwood Статидің компаниясы болған. Англияда 2005 жылғы 14 қыркүйекте тіркелген. ТНГ және Perkwood компанияларынан жүздеген миллион доллар алғанына қарамастан боскестелі есептер тапсырған. Perkwood ТНГ-мен келісім бойынша тарап болып табылады. Компания 2011 жылғы 5 наурызда жойылды.

Terra Raf (Terra Raf Trans Traiding Ltd.)

Terra Raf - Гибралтар заңнамасына сәйкес тіркелген компания. Terra Raf төрелік дауда талапкерлердің бірі ретінде болды, өйткені оған ТНГ компаниясының 100% акциялары тиесілі болған.

Montvale (Montvale Invest Invest Ltd.)

Montvale бұл шикі мұнай мен газ конденсатын сату кезінде делдалдық атқарған, Стати бақылауында болған компания.

Stadoil Ltd.

Stadoil Ltd. бұл шикі мұнай мен газ конденсатын сату кезінде делдалдық атқарған, Стати бақылауында болған компания.

Ренессанс Капитал (Renaissance Capital)

Ренессанс Капитал - Статиге тиесілі қазақстандық активтерді сатуға арналған ақпараттық Меморандумды әзірлеген ресейлік инвестициялық банк.

Витол (Vitol FSU BV)

Витол - Нидерландта тіркелген холдинг компаниясы. Бұл арқылы әлемдегі ең ірі шикі мұнай трейдерлерінің бірі "Витол Груп" (Vitol Group), бұрынғы Кеңес Одағындағы жобалар мен бірлескен кәсіпорындардағы үлестерге ие. Витол компаниясы Аском, TНГ и Terra Raf арасындағы сұйытылған газ өндіру зауытын бірлесіп пайдалану туралы Келісімнің тарабы болып табылады.

Даниэль Чэпмен (Daniel Chapman)

Даниэль Чэпман - Argentem Creek Partners LP компаниясының негізін салушы, басқарушы әріптесі, атқарушы директоры және бас инвестициялық директоры. Чэпмен қаржылық пайда алу үшін, сондай-ақ Чэпмен және оның компаниялары Статимен іскерлік қарым-қатынас нәтижесінде жоғалтқан ақшаны қайтару үшін Статимен сөз байласуға келді.

Argentem Creek Holdings LLC

Argentem Creek Holdings LLC - бұл Делавэр штаты заңнамасына сәйкес Даниэль Чэпманмен құрған жауапкершілігі шектеулі компания. Argentem Creek Holdings LLC және оның еншілес компаниясы Argentem Creek Partners LP 2015 жылдың желтоқсанында Black River Assets Management LC компаниясынан қызметкерлерге тиесілі инвестициялық компаниялар ретінде бөлініп шығарылды. Argentem Creek Holdings LLC компаниясы Black River Assets Management LLC компаниясының мұрагері болып танылды және осылайша Статиге тиесілі "Тристан" шығарған облигацияларға меншік құқығын алды. 2012 жылы Стати тарапынан болжалды алаяқтық туралы білген Argentem Creek Holdings LLC бұл қылмыс туралы билікке хабарлаудың орнына, Статимен бөлісу туралы Келісімге қол қойды, бұған сәйкес Қазақстанға қарсы кез келген төрелік шешім бойынша өндіріп алынған соманың бір бөлігін алу құқығын алды.

Pathfinder Argentem Creek GP LLC

Pathfinder Argentem Creek GP LLC - Делавэр штаты заңнамасына сәйкес тіркелген жауапкершілігі шектеулі компания. Ол Pathfinder Strategic Credit LP и Pathfinder Strategic Credit II LP компанияларының бас құрылтайшы болып табылады. Pathfinder Argentem Creek GP LLC нәтижесінде Чэпменмен және/немесе Argentem Creek Partners компаниясымен бақыланады. Pathfinder Англия мен басқа елдердегі көптеген атқарушы өндірістер аясында Статидің шағымдарын қаржыландыруға қатысты.

ACP I Trading

ACP I Trading - бұл Кайман аралдарының заңнамасына сәйкес құрылған жауапкершілігі шектеулі компания. Статидің 2018 жылғы шілдедегі хатында көрсетілгендей, шағымдарға байланысты шығындар ACPI Trading компаниясымен ішінара қаржыландырылды. Компания Argentem Creek Partners, ал бұл өз кезегінде Даниэль Чапменнің басқаруында екендігі болжанады.

King & Spalding

King & Spalding - төрелікте, сонымен қатар Витол арасындағы төрелікте, Англияда және басқа елдердегі атқарушылық іс жүргізуде Статидің мүдделерін білдіретін халықаралық заң фирмасы.