Юрисдикциялар

Швеция

Швецияда 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі негізгі сот процестері және олармен байланысты оқиғалар.

2014

2014 жылғы 19 наурыз

Қазақстан Свеа апелляциялық сотына төрелік шешімнің күшін жою туралы өтініш береді.

2015

2015 жылғы 5 қазанда

АҚШ сот рәсімдері барысында жаңа фактілер анықталғаннан кейін Қазақстан төрелік сотта Статидің алаяқтық жасағаны үшін Швецияның жария тәртібіне қайшы келді деген негізде Төрелік шешімді жарамсыз деп тану туралы Свеа апелляциялық сотына жеке талап арыз береді.

2016

2016 жылғы 9 желтоқсан

Апелляциялық сот төрелік шешімнің күшін жою туралы Қазақстанның өтінішін қабылдамайды. Сот Қазақстанның Статидің алаяқтық туралы мәлімдемелерінің мәні бойынша шешім шығарған жоқ, тек оның төрелік шешімге тікелей немесе айқын жанама әсер етпегенін, демек, төрелік шешімнің күшін жоюды негіздейтін Швед жария тәртібі стандартының "өте тар" шеңберіне кірмегенін ғана айқындады.

2017

2017 жылғы 3 ақпан

Қазақстан Швецияның Жоғарғы сотынан Свеа апелляциялық соты шешімінің күшін жоюды сұрайды.

2017 жылғы 18 тамыз

Стати біржақты тәртіппен Стокгольм округтік сотына Қазақстанның Швециядағы активтерін уақытша "тоқтату" туралы өтініш береді.

2017 жылғы 21 тамыз

Стокгольм аудандық соты Статидің біржақты берілген өтінішін қанағаттандырады.

2017 жылғы 13 қыркүйек

Стати Төрелік шешімді орындау туралы Швед сот-атқарушы органына өтініш береді.

2017 жылғы 24 қазан

Швецияның Жоғарғы Соты Қазақстанның Свеа апелляциялық соты шешімінің күшін жою туралы өтінішін қабылдамайды.

2017 жылғы 29 қараша

Накск аудандық соты (Naсka District Court) Швед сот-атқарушы органының шешімдеріне Қазақстанның апелляцияларын қабылдамайтын шешімдер шығарады.

2018

2018 жылғы 23 наурыз

Свеа апелляциялық соты Қазақстан ісін Накск аудандық сотына қайтарады, оның шешімдері дұрыс емес алғышарттардан шыққан деген қорытындыға келеді.

2019

2019 жылғы 8-12 сәуір

Накск аудандық сотында Швед сот-атқарушы органының шешімдеріне шағымдану мәселесі бойынша тыңдаулар өтіп жатыр.

2019 жылғы 5 шілде

Нанск аудандық соты Швед сот-атқарушы органының шешімдеріне Қазақстан мен ҚҰБ-ның апелляцияларын қабылдамайды.

2019 жылғы 11 қазан

Қазақстан мен ҚҰБ Накск округтік сотының 2019 жылғы 5 шілдедегі шешіміне апелляция береді. Қазақстан активтерге тыйым салудың күшін жоюдың жаңа негізі ретінде төрелік шешімнің жариялы тәртіпке қайшы келетінін көрсетті.

2019 жылғы 28 қазан

Свеа апелляциялық соты Қазақстанға Накск округтік сотының 2019 жылғы 5 шілдедегі шешіміне шағым жасау құқығын береді.

2019 жылғы 25 қараша

Қазақстан Төрелік шешімді жарамсыз деп тану туралы Свеа апелляциялық сотына тағы да талап-арыз береді.

2020

2020 жылғы 10-14 ақпан

Свеа апелляциялық сотында Накск аудандық сотының 2019 жылғы 5 шілдедегі шешіміне шағымдану мәселесі бойынша тыңдаулар өтеді.

2020 жылғы 9 наурыз

Свеа апелляциялық соты Статидің өтінішхатын қанағаттандырады және төрелік шешімді жарамсыз деп тану туралы Қазақстанның талап-арызын қабылдамайды.

2020 жылғы 3 сәуір

Қазақстан Швецияның Жоғарғы сотына жаңадан алынған дәлелдемелер негізінде төрелік шешімнің күшін жою процесін қайта жаңғыртуды талап ете отырып өтініш береді.

2020 жылғы 18 мамыр

Швецияның Жоғарғы соты төрелік шешімнің күшін жою туралы іс жүргізуді қайта бастау туралы Қазақстанның талаптарын қанағаттандырудан бас тартады.

2020 жылғы 17 маусым

Свеа апелляциялық соты Қазақстан мен ҚҰБ пайдасына шешім шығарады және ҚҰБ активтерінде егеменді иммунитеттің болуын мойындайды.

2020 жылғы 8 шілде

Стати Швецияның Жоғарғы сотына 2020 жылғы 17 маусымдағы Свеа апелляциялық сотының шешіміне апелляция береді.

2020 жылғы 21 қыркүйек

Швецияның Жоғарғы соты Статиге Свеа апелляциялық сотының 2020 жылғы 17 маусымдағы шешіміне шағымдану құқығын береді.

2021

2021 жылғы 18 қараша

Швецияның Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының Швецияда шамамен 720 миллион швед кронасы сомасындағы мүлкіне тыйым салу соттық иммунитет доктринасының қорғауына жатпайды деп қаулы етті. Ол Свеа Апелляциялық сотының 2020 жылғы 17 маусымдағы шешімінің күшін жойып, Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық Банкі мәлімдеген мәжбүрлеп орындатуға қарсы басқа да қарсылықтарға қатысты істі жаңадан қарауға қайтарды.