Юрисдикциялар
Нидерланды
2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін Нидерландыдағы негізгі сот талқылаулары және оларға байланысты оқиғалар.
2014
Стати Амстердам сотына Қазақстанның активтеріне тыйым салу туралы арыз береді.
2014 жылғы 3 сәуір
Амстердам соты Қазақстанның 520 миллион АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне тыйым салу туралы алдын ала қаулысын шығарды.
2014 жылғы 14 сәуір
Нидерланды Қауіпсіздік және Әділет Министрі [төрелік шешімді] орындау Нидерланды Корольдігінің егемендік иммунитет туралы халықаралық құқық ережелеріне сәйкес міндеттемелеріне қайшы келетіні туралы хабарлама шығарады.
2017
2017 жылғы 30 тамыз
Стати Амстердам сотына сот шешімі шыққанға дейін Қазақстанның, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының және «Самұрық-Қазына» АҚ активтеріне тыйым салуға рұқсат беруді талап етіп, біржақты тәртіппен арыз береді.
2017 жылғы 8 қыркүйек
Амстердамның аудандық соты Статиге сот шешіміне дейін Қазақстанның, ҚР Ұлттық қорының және «Самұрық-Қазына» АҚ активтеріне тыйым салуға рұқсат береді.
2017 жылғы 26 қыркүйек
Стати Амстердам апелляциялық сотына төрелік шешімді тану және орындау туралы арыз береді.
2017 жылғы 5 желтоқсан
Амстердамның аудандық сотында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ісі бойынша шешім шығарылғанға дейін тыйым салудың күшін жою туралы іс бойынша жеңілдетілген өндіріс шеңберінде тыңдау өтті.
2018
2018 жылғы 5 қаңтар
Амстердам аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ісі бойынша оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның шешім шығарылғанға дейін салынған активтеріне тыйым салуды жою туралы талапты қабылдамайтын шешім шығарады.
2018 жылғы 23 қаңтар
ҚҰБ ісі бойынша оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде Амстердам аудандық соты Статидің сот алдындағы сенімді ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерін бұзуы негізінде активтерге тыйым салуды жою туралы шешім қабылдайды.
2018 жылғы 22 маусым
Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде Амстердам апелляциялық сотында тыңдаулар өтті, оның барысында Стати, Қазақстан, ҚҰБ және «Самұрық-Қазына» АҚ тыңдалды.
2019
2019 жылғы 13 наурыз
Амстердам апелляциялық сотында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ісіне қатысты оңайлатылған іс жүргізу аясында тыңдау өтті.
2019 жылғы 7 мамыр
Амстердам апелляциялық соты «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Нидерландыдағы активтеріне сот шешімі шыққанға дейін тыйым салуды жою туралы талап арызын қанағаттандырмады.
2019 жылғы 2 шілде
«Самұрық-Қазына» АҚ және Қазақстан Амстердам апелляциялық сотының 2019 жылғы 7 мамырдағы шешіміне шағымдану туралы Жоғарғы Сотқа арыз береді.
2020
2020 жылғы 14 шілде
Амстердам апелляциялық соты Нидерландыдағы төрелік шешімді таныды.
2020 жылғы 14 қыркүйек
Қазақстан Нидерланды Жоғарғы Сотына Амстердам апелляциялық сотының төрелік шешімді тану мен орындау туралы шешімін қайта қарауды талап етуімен жүгінеді.
2020 жылғы 18 желтоқсан
Нидерланды Жоғарғы соты Амстердам апелляциялық сотының 2019 жылғы 7 мамырдағы шешімін жоятын шешім шығарады және дауды әрі қарай бағалау мен шешім қабылдау үшін Гаага апелляциялық сотына жібереді. Сонымен қатар, сот Статиді сот шығындарын төлеуге міндеттейді.
2021
2021 жылғы 28 сәуір
Амстердам аудандық соты "Самұрық-Қазына" АҚ-ға қарсы Стати бастаған істі "Самұрық-Қазына" АҚ активтеріне алдын ала тыйым салуға қатысты "Самұрық-Қазына"АҚ және Қазақстан бастамашылық еткен процесс аяқталғанға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
2021 жылғы 4 маусым
Бас адвокат Қазақстанның кассациялық шағымы бойынша өз пікірін айтты. Ол Жоғарғы Соттың Амстердам апелляциялық сотының шешімдерін, оның ішінде шешімнің орындалуын жойып, істі Амстердам аудандық сотына жіберуі керек деген қорытындыға келді.
2021 жылғы 24 желтоқсан
Нидерланды Жоғарғы Соты 2020 жылғы 14 шілдедегі Нидерландыдағы Стати ісі бойынша төрелік шешімді тану туралы шешімді жарамсыз деп таныды және істі Амстердам аудандық сотына қайтарды.