Юрисдикциялар
Англия
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Англиядағы негізгі сот талқылаулары және олармен байланысты оқиғалар.
2014
2014 жылғы 24 Ақпан
Стати Англияда төрелік шешімді тану туралы өтініш береді.
2014 жылғы 28 ақпан
Жоғары сот төрелік шешімді таниды және алдын ала атқарушылық бұйрық шығарады.
2015
2015 жылғы 7 сәуір
Қазақстан алдын ала атқарушылық бұйрықтың күшін жою туралы өтініш береді.
2015 жылғы 27 тамыз
Англиядағы атқарушылық өндіріс аясында Tractebel компаниясының инженері, компания сұйытылған газ өндіретін зауыт үшін шамамен 35 миллион АҚШ доллары сомасындағы негізгі жабдықты тікелей ТНГ-ға жеткізгені және Perkwood компаниясымен ешқандай іскерлік байланыс болмағаның, сонымен қатар бұл компания туралы ешқашан естімегені туралы куәгерлік айғақ берді.
Қосымша-030
(1st WS)
2017
2017 жылғы 6-7 ақпан
Қазақстан Жоғары Сот алдында іс бойынша өз ұстанымын білдіреді, сондай-ақ Стати алған атқарушылық бұйрықтың күшін жою туралы өзінің өтінішіне негіздеме дәлелдемелер ұсынады.
Exhibit-034 (A)
Exhibit-034 (B)
(transcripts)
2017 жылғы 6 маусым
Жоғары Соттың судьясы Ноулз, Стати Қазақстанға қатысты алаяқтық жасағандығы және алаяқтық жолымен өз пайдасына төрелік шешім алғандығы туралы жеткілікті дәлелдер "prima facie" бар деп қаулы етті.
2017 жылғы 12 маусым
Стати судья Ноулздың қаулысына шағымдану туралы өтініш береді.
2017 жылғы 27 маусым
Жоғары Сот Статидің судья Ноулз қаулысына шағымдану туралы өтінішін қабылдамай, алаяқтық туралы істі жеке сот тыңдаулары барысында қарауды тапсырады.
2017 жылғы 18 шілде
Стати апелляциялық сотқа Жоғары соттың 2017 жылғы 27 маусымдағы шешіміне шағымдануға рұқсат алу туралы өтінішін береді.
2018
2018 жылғы 9 қаңтар
Апелляциялық сот Статидің судья Ноулз шешіміне шағымдануға рұқсат алу туралы өтінішін қабылдамайды.
2018 жылғы 23 ақпан
Стати Қазақстанға "Азалия" ЖШҚ және Perkwood компаниялар арасындағы келісімшарт енгізілген алғашқы құжаттар пакетін ұсынуға міндеттенді.
2018 жылғы 26 ақпан
Стати Қазақстанға Англиядағы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы хабарлама жібереді, осылайша өз талаптарынан бас тартады.
2018 жылғы 26 наурыз
Жоғары сот Статидің Англиядағы Қазақстанға қарсы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы хабарламасын қабылдау керектігін анықтау үшін сот отырысын өткізеді.
Exhibit-059
(transcript)
2018 жылғы 11 мамыр
Судья Ноулз Статидің Англиядағы Қазақстанға қарсы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы хабарламасын қабылдамайды.
2018 жылғы 28 мамыр
Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ) және Қазақстан Англияның Жоғары сотына Bank of New York Mellon ("BNYM") банкінің Жаһандық депозитарлық келісімі (GCA) бойынша міндеттемелерінің сипатын анықтау туралы талап арыз береді.
2018 жылғы 6 шілде
Лорд судья Леггатт Статиге судья Ноулздың 2018 жылғы 11 мамырдағы шешіміне шағым беруге рұқсат береді.
2018 жылғы 31 шілде
Апелляциялық сот судья Ноулздың 2018 жылғы 11 мамырдағы қаулысына Статидің апелляциясы бойынша тыңдау өткізеді.
Exhibit-066
(transcript)
2018 жылғы 10 тамыз
Апелляциялық сот Статидің 2018 жылғы 11 мамырдағы судья Ноулз қаулысына берген апелляциясын қанағаттандырады.
2018 жылғы 22 қараша
Қазақстан Статиге Англияда атқарушылық іс жүргізуді тоқтату ниеті туралы хабарлаған күнге дейінгі кезең үшін, Қазақстанның сот шығындарын өтеу туралы өтінішін береді.
2019
2019 жылғы 2 шілде
Жоғары сот Статиге Англияда атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы өтініш бергеннен кейін Қазақстанның 1,3 миллион фунт стерлингі сомасындағы сот шығындарын төлеуді бұйырады.
2020
2020 жылғы 22 сәуір
Жоғары соттың судьясы Тир (Tear) Қазақстан мен ҚҰБ пайдасына шешім шығарады. Аталған шешімге сәйкес, BNYM Республика алдында емес, ҚҰБ алдында міндеттемелерге ие, және осылайша Стати ҚҰБ мен BNYM қарсы төрелік шешімнің орындалуын талап етуге құқылы емес.
2020 жылғы 4 мамыр
Жоғары сот тыңдауды өткізеді, оның барысында судья Тир өзінің 22 сәуірдегі шешімі Қазақстан мен ҚҰБ пайдасына болғанын растайды. Сондай-ақ, сот Статидің апелляция туралы өтінішін қабылдамай және оларға сот шығындарын төлеуді бұйырады.
Exhibit-092
(transcript)
2020 жылғы 8 шілде
Апелляциялық сот Статидің 2020 жылғы 4 мамырдағы қаулысына шағымдану туралы өтінішін қабылдамай, осылайша бельгиялық сот өндірісі аясында олардың ҚҰБ активтерінен өндіріп алу бойынша амалдарын тоқтатады. Сот Қазақстанның Бельгия сотының қарауына берілген мәселелерді ғана емес, бүкіл істі қарау туралы талабын да қабылдаған жоқ.
2021
2021 жылғы 6 қаңтар
ҚҰБ және Қазақстан Республикасы ағылшын сотының Бельгиядағы ҚҰБ активтеріне тыйым салу туралы Статидің өтінішін ішінара қарауына байланысты, Статиден 3 730 290 АҚШ доллары мөлшеріндегі шығындарды өндіріп алу туралы сот бұйрығын алды.
2021 жылғы 15 қаңтар
Стати шығындарды өндіріп алу туралы сот бұйрығына шағымдануда.
11 Наурыз 2021
Жоғары сот Статидің шығындарды өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жою туралы өтінішін қабылдаған жоқ.